Баяндама Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі
23
июнь
2022

Баяндама Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі

Бандама ата-аналар жиналысы :  Бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігі 

«Еліміздің болашақта қандай болатыны
 балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей
 байланысты»Тәрбие баланы қоғамдық өмір мен өндірістің шарттарына бейімдеу, араластыру қажеттілігінен туындаған. Осының нәтижесінде қоғамдық өмірге бейімделмеген балалар есейе келе, өз өмірін және еңбек қабілетін жоғалтқан, алаңсыз өмір сүретін үлкендердің қатарына жататын болады.Педагогика мен психологияда тәрбие – бұл адамдарда қоғам ұсынатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарға сәйкес жоғары азаматтық-саяси, моральдық-адамгершілік, психологиялық және дене сапаларын, мінез-құлық дағдысы мен әрекетін қалыптастырудың мақсатты үдерісі.
 Тәрбие шектеулі мағынада – бұл қандай да бір нақты тәрбие беру міндетін шешу; тар мағынада – бұл балаларда тұлғаның әлеуметтік-дамыған белгілі сапалар, дамыған көзқарастар мен сенімдердің жүйесін қалыптастыруға мақсатталған тәрбиелеу қызметі. 

Тәрбие кең мағынада қоғамдағы адамның
 жан-жақты дамуы үшін мақсатты жағдай жасау (материалдық, рухани, ұйымдастырушылық) түсіндіріледі.
 Әдетте ата-аналары балаға бір нәрсеге неліктен рұқсат етілетінін, ал басқа нәрсеге неліктен рұқсат етілмейтінін
 түсіндіріп жатпайды. Ата-аналық өктемшілдікке негізделген тәрбие стилі баланың күшті тұлға болып дамуына жағдай тудырмайды. Мұндай балада өзіндік таңдау жасау мен шешім қабылдау, шығармашылық немесе кәсіби бастама, жауапкершілік пен тәуелсіздік үрдістері аз байқалады.
 Осындай балалардың болашақ өмірінде невротикалық ауытқулар дамиды.
 Мұнан былай олар өзін өмірге бағыттап, нені қалай жасау керектігін айтып беретін адамдарды іздеп жүргендігін аңғармайды (яғни, іс жүзінде олардың өктемшіл ата-анасының орнын басатындарды іздейді). Нәтижесінде мұндай
 адам болып бастығы немесе әйелі немесе күйеуі шығады.
 Ата-аналар балада өзі туралы шамадан тыс жақсы түсініктер қалыптастырады («Сен ақылдысың! Сұлусың! Басқалардан ерекшесің!») және өз қажетіне қарай осылайша айла-шарғы жасайды. «Димаш, сен ең ақылды баласың! Анаңның өтінішін орындашы!» немесе «Ботам, сен менің ақылдымсың! Үлкендердің айтқанын тыңда!».
 Мұндай ата-аналар балаларды шамадан тыс қамқорлыққа бөлейді. Олар өз балаларына өте сирек ұрысады, бірақ ең бастысы – оларды нағыз еңбектің ауыртпалығынан немесе нағыз қиыншылықтардан барынша қорғаштайды.
 Мұндай жағдайда бәрінен оңайы ата-аналық иландыру жүргізу: «Біздің  Димаш заң факультетіне оқуға барады, ол өте қабілетті», «Димаш бұл жаман қызбен кездеспейді, солай ма, Димаш?». Осылай тәрбиелеу нәтижесінде баланы өзіндік сезім кернейді, басқа адамдарға залал келтіретін шамадан тыс өзімшіл және қанша таңқаларлық болмасын басқа ақылды адамдармен жеңіл басқарылады. Шынында, ол өмірінің соңына дейін түйсіксіз түрде оны барлығы жақсы көрген, мәпелеген және ешқашан қарсылық көрмеген балалық шағының шарттарын қайталауға ұмтылады.
 Мұндай адамдардың проблемасы өмір оларға қатаң сынақтар қойып
 немесе өздігінше бірдеңені жасау керек қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп олардың күш-қуаты кемігені байқалады.
 Мұндай адамдардың басқалармен қатынасы қолайлы болуы мүмкін, бірақ олар өздерін айрықша тәкәппар ұстайды.Бұл қағиданы басшылыққа алатын ата-аналар балаға немқұрайды қарайды,
 кейде тіпті менсінбеушілікке дейін жетеді.Осындай ата-аналармен тұратын балалар өмірлік бағдары болмағандықтан,
 өмірдегі орнын әрең анықтайды. Олар қайда бет алу керектігін, не істеу керектігін, неге ұмтылу керектігін түсінбейді. Егер өктемшіл ортада тәрбиеленген балада өктемшіл ата-ана түріндегі қандай да бір бағдар болса, мұндай балаларда өмірде тіреніш ететін ешқандай бейне жоқ. Олар ата-аналарына жиі айтылмаған жиіркенішті сезінеді. Жоқ,
 мұндай балалар бастапқыда ата-аналарынан мейірімділікті, махаббат пен
 жылылықты күтіп, оған өзі ұмтылуы мүмкін, бірақ эмоционалдық қатаңдық
 немесе немқұрайдылыққа тап болып, ақыр аяғында өз-өзіне келіп тұйықталып  қалады.Ата-аналық тәрбиенің үш қағидасын және осыдан келіп туындайтын тәрбие стилін қарастыра отырып, балаларды бұлай тәрбиелеуге болмайды деген стильді көрсетеді: балаға іс-әрекет дербестігі мен шешім қабылдау еркіндігін бермей, шамадан тыс өктем түрде; балаға қиыншылықтарды бастан кешіріп, өз әрекетінің салдарын сезінуге мүмкіндік бермей, шамадан тыс қамқорлық көрсету түрінде; балаға жеткілікті көңіл бөлмей, жақсы көрмей, шамадан тыс немқұрайды қарау түрінде ТӘРБИЕЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ