Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстар » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстар
15
март
2022

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстар

Изим Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы  бойынша жүргізілген жұмыстардың анықтамасы

Мектебімізде балаларды зорлық-зомбылықтан, жыныстық тиіспеушіліктен сақтандыру мақсатында мектеп директорының 28.08.2021 жылы №41 а бұйрығы шығарылды. Бұйрық бойынша зорлық-зомбылық,жыныстық тиіспеушілік,қатыгездікпен қараудың алдын алу мақсатында іс-шара жоспары жасалып, жоспар бойынша ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.Қатері бар жайсыз  өмір сүретін қолайсыз отбасыларды анықтау, оларды профилактикалық бақылауға алу мектептің әлеуметтік педагогы  У Молотовқа  тапсырылған.Анықталған жайттарға байланысты оқушыларға арнайы псиохологиялық, педагогикалық көмек көрсету, үйірме секцияларға тарту, зерттеу жұмыстарын жүргізу,назарда ұстау сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне тапсырылып, мектепішілік бақылау күшейтілді. Қарашаның   09-20 аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша науқан өткізілді. Жағдайы төмен отбасыларды анықтап көмек көрсету үшін демеушілікті ұйымдастыру жұмыстары әлеуметтік педагог У Молотовқа  тапсырылды.Мектеп психологі «Сенім телефоны» арқылы кез-келген уақытта хабарласуға болатынын ескертілді. Балалар мен жастарды теріс ағымды діннен сақтандыру мақсатында «Теріс ағымдағы діннен сақтану жолы» тақырыбында дінтану пәнінің мұғалімі Н Азнибакиев  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зорлық-зомбылық, төтенше жағдайлар болғандаа қалай көмек алу үшін және «Ата-ана сіз үшін» тақырыбында ата-аналарға құқықтық кеңес беру мақсатында кітапшалар таратылды. 17.11.2021 ж күні «Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралар» осы тақырыпта семинар-тренингі өткізілді. Семинардың мақсаты: «Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралардың алдын алу» Семинар тренингке әр сыныптан ата-аналар қатыстырылды.

29.10.2021 жылы 8-11-сынып қыздарымен  «Қыз болашақ ана  » ,«Ерте жүктіліктің ертеңі» , 31.01.2022 жылы «Қыз баланың ерте жастағы жүктілігінің қауіптары мен салдары», «Қыз тәрбиесі қоғам тәрбиесі»  тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Ерте жүктіліктің салдары» , «Репродуктивті денсаулық» тақырыптарында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

2021 жылғы 20 қазан-20 қараша аралығында дүниежүзілік балаларды қорғау күніне  арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты айлық өткізілді. Айлық барысында 1-5-сыныптар арасында  «Менің құқығым мен міндеттерім», 6-8-сыныптарда «Адам құқығы бала құқығы», 9-11-сыныптарда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыптарында ашық сынып сағаттар , педагог- психолог Д.Айнидинованың ұйымдастырумен 8-11-сыныптар арасында «Зорлық-зомбылық және келеңсіз жағдайлардың алдын алу» бойынша   психологиялық кеңестер өтілді,тарих   пән мұғалімі Ш.Зординов пен ТІЖО Е.Музапаровтың ұйымдастырумен «Жасөспірімдер құқығы», «Жасөспірім құқығы және заң» тақырыбында 9-11-сыныптармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Педагогұйымдастырушы Р.Салиева «Сыбайлас жемқорлық деген не ?» тақырыбында   әңгіме жүргізді. 1-11-сынып ата-аналарымен «Құқықтық мәдениет бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында қашықтақтан ZOOM платформасы арқылы жыналыс ұйымдастырылды. «Менің құқықтарым және міндеттерім» «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» тақырыбында таныстырылымдар,бейнероліктер дайындалып әлеуметтік желілерге салынды. ТІЖО Е.Музапаров «Менің құқығым» тақырыбында 5-11-сынып арасында сауалнама алды.

Наурыздың 4 күні 9 сынып жетекшісі З Махпирова  «Қылмыскерден қалай қорғануға болады?» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: оқушылар арасында жыныстық тиіспеушілік пен құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмыскерден қалай сақтану жолдарын үйрету.Дөңгелек үстел «Ситуациялық жағдайлар», «Сұрақтар әлемі», «Ешқандай заңы жоқ арал», «Қылмыскерден құтылу жолдары» тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді.Мектеп психологы Д Айнидинова көрсетілім арқылы психикалық зорлық-зомбылықтың түрлері -қорқыту,үрей сезімін тудыру,балаға қарамау, мазақтау, балағаттау, кемсіту;физикалық зорлық-зомбылықтың түрлері- ұру, тебу, тұншықтыру, қарумен шабуыл жасау,бопсалау,заңсыз ақша мен мүлікті талап ету туралы түсіндірді.Кибербуллинг-баланың қыр соңынан түсіп,қорқыту ,ұялту мақсатында интернет тағы басқа ақпарат құралдарын пайдалану.Кемсітушілік- баланың жынысына, ұлтына,мәртебесіне,әлеуметтік жағдайына, мүгедектігіне негізделген бөліп жару қарым-қатынасы деп атап өтті. 31.01.-04.02.2022 жыл аралығында «Отбасым бақыт мекенім» атты отбасы тәрбиесіне байланысты апталық ұйымдастырылды.

 Мақсаты : Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

 «Отбасы-бақыт мекені» атты ата-аналарға семинар кеңес болып өтті.Жиналыс барысында  Р Асипова  «Бала өмірінің қауіпсіздігі-басты мәселе» және Е Музапаров «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыбында баяндама оқып түсіндірсе, психолог Д Айнидинова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында көрсетілім көрсетті..

Әр мереке күндері мектеп ұстаздары мен ата-аналар, полиция қызметкерлерімен бірігіп «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім. Көше»   рейдтер өткізіп, қолайсыз отбасылардың үйлерін аралап, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.