Ата аналар жиналысы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2022

Ата аналар жиналысы

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «И.Искандеров атындағы орта мектебі»   коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 8-11  сынып   ата-аналарымен өткізілген жиналыс 


Уақыты: 28.09.2021 8-9 сынып сағат 10-00

                29.09.2021 10-11-сынып сағат 10-00 


Хаттама 

Қатысқандар:   

-Мектеп директоры Р. Розахунов

 -ТІЖО Р.Асипова, Е Музаппаров,Психолог Д Айнидинова ,А Абдуллаева

8-11-сынып жетекшілері 

 8-11-сынып   ата-аналары


Күн тәртібінде:

1.Мектеп оқушылар арасындағы құқықбұзышылықтың алдын алу , оқу –тәрбие бойынша мектеп директор  Р.Розахунов 

2. Баяндама таныстырылым «Мектеп оқушылары арасында құқықбұшылықтың алдын алу » ТІЖО  Е.Музаппаров 

3. «Бала тәрбиесіндегі бас ұстаз ата-ана» кеңес   Психолог Д.Айнидинова  

      Ағымдағы жұмыстар

  1. Келеңсіз сайттар ,кибербулинг туралы,мектеп ережесі,оқушылардың ұялы телефондары   ТІЖО Р. Асипова 

Тыңдалды:

     Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Р.Розахунов оқушылардың бір жыл бойы онлайн форматта білім алғаннан кейінгі олқылықтар туралы , оқушылардың білім сапасы,сабақтары туралы айтып өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзышылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізіліп жатқанын және кемелет жасына толмаған оқушы сағат 21-00 дан кейін көшеге шықпауын ата-аналар тарапынан қатаң қадағалауға алу керектігі туралы ескертіп айтты.Мектепке ұялы телефондарды алып келмеу, сабақ үстінде оқушы сабақ оқу керектігі туралы да айтты.

2 мәселе бойынша ТІЖО Е.Музаппаров құқықбұзышылықтың алдын алу бойынша баяндамен  таныстырып, кемелет жасына толмаған оқушы үлкендердың бақылауынсыз   түнгі уақыт сағат 21-00 дан таңғы 06 ға дейін ойын сауық орталықтарында,көшеде жүру әкімшілік құқықбұзышылыққа алып келетіні және ата анасына 112 бап бойынша айыпұл салынатыны , және әкімшілік құқықбұзышылықтың 111,330,331,336 ші баптары бойынша ата-аналарға кең түрде  түсінік берілді. 

Мектеп оқушылары арасында кешкі уақытта көшеге шығу көбейіп бара жатқанын және  рейд жүріп жатқандығы туралы  ата-аналар балаларын кешкі уақыта көшеде жүрмей ,сабақ оқу керектігі туралы айтып өтті.

  Екінші мәселемен ДТІЖО Р.Асипова Оқушылар арасындағы ұялы телефондарды дұрыс қолдану және ата ана тарапынан телефондарын бақылауда ұстау керектігін ,кебирбуллинг туралы, кибербуллинге тап болған жасөспірімде қандай  да бір өзгерістер болатыны,сондай оқушы анықталса оған қандай көмек беру керектігі және кебирбуллингке ұшараған бала мазасыз болып суицидке бейім болатыны туралы кең түрде слайд арқылы таныстырып өтті.

3 мәселе бойынша мектеп психологі Д.Айнидинова «Бала тәрбиесіндегі бас ұстаз ата-ана»  тақырыбында,ы баяндамасында  бала тәрбиесінде ата ананың ролі үлкен екенін ескеру керектігі, баламен үйде дос болу керектігі,қандай да жұмыс , оқиға балаға кері әсер еттіп,көңіл күйінде өзгеріс болып жатса мектеп психолыгына кеңеске жүгінуге болатынын, кеңес беру визиткасымен таныстырып өтті.  Психологпен жұмыс атқару үшін ата-ананың келісімі болу керектігі туралы айттып түсіндіріп өтті. 


Ағымдағы жұмыстар бойынша 

  1. Мектепке ұялы телефондарды мүмкін болса алып келмеу туралы ТІЖО Р.Асипова  телефондағы келеңсіз сайттар,ойындар,әлеуеметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы айттып түсінік беріп ата-аналарына ескерту жасады. Айтылған ақпараттарға қосымша ұялы телефондарға келетін түрлі хаттарға жауап берудің керек еместігін және интернет желісінде кездесетін ақпараттардан сақ болуын ескертті


  1. Мектепте қандай іс шара болсын оқушылар арасында ақша жинауға болмайтыны туралы    және туған күндерге,мұғалімдер күніне,тағы басқада іс шаралар мейрамдарға ешқандай ақша жинау,сыйлық алуға тиім салынатыны   туралы ТІЖО Е.Музаппаров айтып түсіндіріп,ата-аналарға ескерті.






Шешім:

1.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары  жүргізіліп, ата-аналармен сынып жетекшілер арасындағы байланыс күшейтілсін.

2.Оқушылар арасында мейрамдарға,туған күндерге арнап ақша жинауды болдырмау,тиім салу ,бақылау сынып жетекшілерге және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға жүктелсін.

3. Оқушыларға психологиялық жағынан қолдау көрсету,әр кезде ата-аналар психологпен байланыста болу  мектеп психологі Д.Айнидиноваға жүктелсін.

4. Кешкі уақытта оқушылардың көшеде жүрмеуін бақылау ,рейд жасау тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға,сынып жетекшілерге жүктелсін

5. Оқушылар кибербуллинге кездеспеу үшін ата-аналар балаларының телефондарын бақылауға алсын.



ТІЖО:                               Е.Музаппаров 

                                    Хатшысы:                                 Р.Асипова