Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары: оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, орта білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру және білім алу барысына қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері: 1) оқушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; 

2) оқушыларға, тәрбиеленушілерге жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда ойдағыдай әлеуметтену барысында психологиялық көмек көрсету; 

3) әр оқушыға, тәрбиеленушіге олардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде дербес әдістеме қолдануға септесу; 

4) оқушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық диагностика жүргізу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту; 

5) оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтарын және мәселелерін шешу бойынша психотүзеу жұмысын жүргізу; 

6) ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтарға психологиялық мәселелерді шешуде және оңтайлы оқытутәрбиелеу жұмысының әдістерін таңдауда сабағаттық көмек көрсету; 

7) білім алу барысына қатысушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру.