6 "б"-сынып оқушыларына психологиялық тренинг » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

6 "б"-сынып оқушыларына психологиялық тренинг



Тренинг тақырыбы: « Достық қарым-қатынастарды нығайту»

Мақсаты:Ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру.

Міндеттері: өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.


«Фигура» жаттығуы.


Мақсаты: Бұл жаттығу балаларды біріктіреді, жаттығу өту сәтінде топ болып құрылудың маңызды жақтарын байқауға болады. Мысалы: қатысушылардың рөлі, бір- бірімен қарым-қатынатары.

Нұсқаулық:

Балалар шеңберге тұрады, барлық қатысушылар қолдарынан ұстап фигуралар жасайды. Енді барлықтарын көздерінді жұмып, психологтің нұсқаулығымен қандай да бір фигураны жасау керек. Қозғалған кезде қолды босатуға болмайды. Көздерін жұмып, ауызша сөйлесуге болады. Дайын болған кезде психологқа белгі беруге болады. (Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, ромб, жұлдыз)

Тапсырма орындалды ма? Көздерін ашып қарауға болады. Сіздердің ойыңызша тапсырма орындалды ма?

Балалардың ой пікірі.

 

« Досыңды жамандама, доссыз қаларсың»

-Осы тапсырмада не істейміз?

Оқушылар  достарын жақсы қасиеттерімен  мақтайды.

«Ол қандай» тренингі

Тренингтің мақсаты: Топтағы қарым-қатынас деңгейн дамыту.

Екі-үш топқа бөлінеді. Топтағы барлық адам ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. Іштегі дөңгеленіп отырған топтың мүшелері топтағы бір адамды жасырады. Барлық адам сол жасырылған адамның оң және теріс қасиеттерін бір-бірлеп айтуға бөліп алады. Жасырылған адам сол ортада отыруы қажет және өзі де өзінің бір қасиетін айтады. Ол кіріп: «Ол қандай?» деп айтуы тиіс. Ал, топ мүшелері бір-бірлеп ол адамның қасиеттерін айта бастайды. Айтып болған соң, сырттан кірген адам ойланып, жауап беруі керек. Тек 3 мүмкіндік беріледі. Таба алмаса қайтадан бөлменің сыртына шығады. Содан соң өз тілектері бойынша топтың басқа да мүшелері бөлменің сыртына шыға алады.

  Рефлексия.