Мектепалды даярлық тобы оқушылармен тренинг » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Мектепалды даярлық тобы оқушылармен тренинг


Тақырыбы: «Менің көңіл күйім» тренинг

 Мақсаты:  жақсы көңіл   күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін  көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы

Мақсаты: сыныптағы оқушыларының ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Нұсқау: сағат тілі бойынша сыныптағы достарының есімін атап  амандасып  шығады.

1.Қолмен амандасу.

2.Арқасынан қағыңыз

3.Күлімсіреңіз

4.Қол бұлғаңыз

5.Төс қағыстырып амандасу

6.Бір тілек айтыңыз

«Көңіл күй  неге ұқсас?» 

Енді барлығымыз көңіл- күйімізді  табиғат  құбылыстарына  байланыстырып  айтады.  Мысалы:  көңіл- күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады,   бірде шайдай ашылады, бірде   жауындатады т.б. 

  « Мен қандаймын?» Өзін- өзі бағалау 

Өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Ендеше, «Мен қандаймын ?» деген сұраққа жауап береміз. 10 жағымды қасиеттермен  өз-өздеріңді қалай қабылдап , бағалайтындарыңды  айтып өздеріңізге  комплимент  айтасыздар 

Мен қандаймын?  

1.Мен жанашырмын            2. Мен  жақсымын

3.Мен ақылдымын.             4.Мен ұқыптымын

5.Мен мейірімдімін            6.  Мен тіл алғышпын

7. Мен ақкөңілмін              8. Мен ашық жарқынмын

9. Мен еңбекқормын         10.Мен шыншылмын

Рефлексия