Құқықбұзышылықтың алдын алу бойынша іс шаралар » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2023

Құқықбұзышылықтың алдын алу бойынша іс шаралар

«И.Искандеров  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылы құқықтық тәрбие менеджерінің атқарған жұмыстары туралы анықтама

«И.Искандеров атындағы орта мектебі»  КММ балалардың құқығын қорғау мақсатында мектеп ғыймаратымен ауласында кезекшілік ұйымдастырып бейне бақылауларының сапалы жұмыс жасап жатқаны тексеріліп жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс барысында  Құқық бұзушылықты     алдын  алу    бойынша іс-шаралар  жоспары  жасалып   жұмыстар  жүргізілуде.  

Құқықтық білімдерін тексеру барысында сауалнамалар алынды, сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте пәндік үйірмелер, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа қарсы әрекетке жол бермеу  алдын алу бойынша жоғары сынып оқушыларымен ата-аналар қауымдастығының қатысуымен «Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» деген тақырыпта 1-11 сынып ата-аналар арасында жыналыстар  өтілді.    «Жасөспірімдер құқығы және заң» тақырыбында  9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.   Жасөспірімдермен «Оқушы балалар арасындағы қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу» тақырыбында 8-11 сыныптың ер балаларымен сүхбат жүргізілді.   

 9-11 сынып ұлдармен «Терроризм және діни экстремизм» тақырыбында жиналыс өткізілді.    Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілер арасында сұхбат  жүргізілді.   20.10-20.11 2022 жыл  аралығында дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай   «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында онкүндік барысында ТІЖО Е Музапаровпен құқық менеджрі А.Дуңгешов пен психологтар балалардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында  8-11-сынып оқушылары арасында «Бопсалау және әлімжеттік фактілерін анықтау» сауалнамасы алынды. Сауалнамаға жалпы 112 оқушы қатысты.   8-11-сынып қыздарымен,ұлдарымен жеке жеке құқық менеджрі Дуңгешов Айдос,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Музапаров Ерлан ,Асипова Русиям, ІІБ аға лейтенанты Есқожа Дархан ,әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы Аубакирова Арай Талгатовнаның қатысуымен  жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында  оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде тоқталып өтілді. Сонымен қатар ұл балалардың мектеп қабырғасында жүрген кездегі тәртібі мен мінез-құлықтары, мектеп киімін киюі,  жүріс-тұрыстары жайлы ескертіп,жйналыс барысында  буллинг және кибербуллинг туралы кең көлемде түсінік беріп өттілді. Жиналыс соңында оқушылардың құқықтары мен міндеттері және буллинг және кибербуллинг дегеніміз не деген тақырыптарды бейнематериалдар көрсетілді