Қауіпсіз мектеп айлық анықтамасы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2022

Қауіпсіз мектеп айлық анықтамасы

И.Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01-30 қыркүей аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы » акциясы барысында  атқарылған   іс-шаралар анықтамасы 


Өтілген уақыты: 01-30.09.2022 жыл.

Мақсаты:  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Көшеде , мектепте , жолда , үйде қауіпсіз жүріп – тұруды түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді. «Қауіпсіз мектеп»  акциясы бойынша стенд дайындалып мектеп залына қойылды. Мектеп психологі А Абдулланва мен Р Азнибакиевтың ұйымдастырумен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жадынамалар дайындалып таратылды,түсіндірме жұмыстарды жүргізілді. ТІЖО Е Музапаровтың ұйымдастырумен оқушылар арасында құқықбұзышылықтың алдын алу мақсатында кешкі рейдтер кесте сай   ұйымдастырылды.Психологтар   8-11-сынып оқушылары арасында   сауалнама алынып,нәтижесі шығарылды. («Бопсалау және әлімжеттік фактілерін анықтау») 1-4-сыныптар арасында «Жол жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында ашық тәрбие сабақтар,5 -8-сыныптар Жолда жүру ережелерін сақтайық» Жол белгілері тақырыбында ашық сынып сағаттар өткізілді. 1-11-сыныптар арасында 5-20 қыркүйек аралығында   кесте бойынша ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды,жиналыста оқушылардың өмір қауіпсіздігі,жолда жүру ережелері,жасөспірімдер арасындағы құқбұзышылықтың алдын алу туралы мәселелер қаралды. Психолог,әлеуметтік педагогпен бірлікте өгей әкесімен,өгей анасымен тұратын және бақылаудағы оқушылардың үйлеріне рейд ұйымдастырылып бақыланды.8-11-сынып қыздарымен,ұлдарымен жеке жеке құқық менеджрі Капасов Айдос,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Музапаров Ерлан ,Асипова Русиям,әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы Аубакирова Арай Талгатовнаның қатысуымен жалпы жиналыстар ұйымдастырылды. 9-10-сыныптар арасында «Қауіпсіз мектеп ортасы » тақырыбында қабырға газеттер дайындалып,таныстырылды. 

ТІЖО Р.Асипова