«Әкем, шешем және мен» - спорттық ойыны » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2017

«Әкем, шешем және мен» - спорттық ойыны

Мақсаты: спортпен шұғылдануға, спортты сүюге тәрбиелеу. Төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту.
Қолданылған спорт құралдары: обручтар, кегли, ракетка, қаптар - 6, арқан, секіргіштер.
Өту орны: спортзал (алдын ала тақырыпқа сай безендірілген)
Өту барысы:
----- Үйде диванда босқа жатып, уақыт өткізгенше, біз Сіздерді өте қызықты «Әкем, шешем және мен» атты спорттық ойын ойнауға шақырамыз.
1.----- Алдарыңызға 3 және 4 сынып  командаларын және қазылар алқасын шақырамыз.( қатысушыларды ортаға шақырғанда музыка ойналып тұрады)
Қарсы алыңыздар. 3 сыныбынан 6 отбасы. 4  сыныбынан 6 отбасы (әр отбасының аты - жөні аталып, капитандар аталады)
2.. Гимнасттар би билейді
Командаларды тұрғызу.
3. Жаттығу. Ата - аналармен бірге бой жазу жаттығуларын жасау.
Қолданылған эстафеталық - жарыстар
1. Екі аяқтың арасына допты қыстырып алып мәреге дейін жету, қайтқанда секіргішпен секіріп қайту.
2. Екі шеңберді мәреге дейін жылжытып апарып, қайту шеңбердің ішінде тұру керек
3. Қаппен секіру.
4. Обручпен жүгіру
5. Таяқшамен жүгіру.
6. Ракеткамен шарды соғып, жүру, қайту.
7. Бәрі тізбектеліп, жартылай отырып жүгіріп, қайта солай қайтады
8. Канат тарту
ІІ . Қорытындылау. Қазылар шешімі.. Қазылар алқасы қорытындыны шығарғанша:
1. ән айтылады


ІІІ.. Марапаттау