«Дені саудың жаны сау» » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2017

«Дені саудың жаны сау»

Өтілетін күні:10-қыркүйек
 
Уақыты:1-кезең 930-1300   5-7-сыныптар
2-кезең 1430-1730  8-11-сыныптар
 
І  жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті мектеп оқушылары  және ұстаздар! Фестивал қонақтары «Дені саудың жаны сау» тақырыбында өтілетін денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші            
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, шуағын, күн нұрында дей  отырып  Жыл сайын республика көлемінде  дәстүрлі түрде аталып өтетін  «2016 Денсаулық фестиваліне » қош келдіңіздер!
ІІ  жүргізуші      
Дұрыс тамақтан , салауатты салтын ұстан!
Денсаулықты сақтау мен жақсартуға
Зиянды әдеттерден аулақ болсаң
Алға басарсын  тағы бір нық  қадам.
І жүргізуші    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттілігі  керек деген болатын.  Бүгінгі мерекеміз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстан  Тәуелсіз Мәңгілік ел. Саламатты Қазақстанның салауатты  ұрпағы болайық. Елім елтаңбасымен еңселі, , әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы!
Мектеп тік тұр! Сап түзе! Назар мемлекеттік туда! ( ҚР  Мемлекеттік Гимні ойналады )
 
І жүргізуші    "Тазалық саулық негізі, саулық - байлық негізі"
ІІ  жүргізуші    «Менің денсаулығым менің болашағым»
І жүргізуші    «Дені саудың жаны сау»
ІІ  жүргізуші    «Денсаулық зор байлық»деп бекер айтылмаса керек.
 
І жүргізуші    Жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Біздің бүгінгі салауатты өмір салтын қалыптастыру  бағдарламасы бойынша денсаулық фестивалі негізінде "Дені саудың жаны сау !" атты ұранымен денсаулық Фестивалі ашық деп
жариялаймыз.
ІІ жүргізуші  
  Салауатты өмір салтын қорғайық,
Әдеттен жаман біз  аулақ болайық.
Өз өмірің өз қолыңда,достарым,
Өмірімізді ерте солдырып алмайық!
     Бүгінгі денсаулық фестивалі  мерекесімен   алғашқы құттықтау сөз кезегі  мектеп директоры Айсарова Мухаббат Абдирашит қызына беріледі.
 
І жүргізуші    Салауатты өмір салтын  ұстанып дені сау жас ұрпақ  болайық деп  ----------------  әнімен 8-б сынып оқушысы Юлдаш Дильярды қарсы алайық
 
ІІ жүргізуші                                           
 Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып, өсіп, толарсың
 
 
 
І жүргізуші    Құттықтау сөз дене шынықтыру пәні мұғалімі Октябрь  Хетахуновпен  мен мектеп медбикесіне Халимам Шамиеваға  беріледі
 
ІІ жүргізуші    «Менің -денсаулығым,  менің- болашағым»  деп    спорттық бимен --------- сынып  оқушыларына    кезек   берейік.
 
 
І жүргізуші                                      
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
ІІ  жүргізуші                      
 Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
 
І жүргізуші    Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек. Ендеше  спортпен шынығып облыстық деңгейде волейбол жарысының   жеңімпазы  атанған 10-б сынып оқушысы Қасимов Умутке сөз береміз.
 
ІІ жүргізуші   
Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
Спорт болсын серігің.
Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Салауатты өмір салтын ұстан.
 
І жүргізуші   Ендеше   7-сынып оқушыларымен біргі флешмоб білейік
-Қане бәріміз бірге білеміз
 
ІІ жүргізуші    Деніміз сау болашағымыз жарқын болсын! Денсаулық фестивалі  спорт алаңында мектеп оқушыларымен ұстаздарға арналған спорттық іс-шаралармен  жалғасады.
Өткізілетін іс-шаралармен таныстыру.
 
Мектеп басшысы мен кәсіподақ ұйымының марапаттауы
 
Деніміз сау , ел ертеңі , саламатты қазақ елінің салауатты ұрпағы болайық
Өткізілген  жарыстар бойынша  І,ІІ,ІІІ орын  иегерлері  мектепішілік  мақтау
қағаздарымен мұғалімдер марапатталды.