ата аналар жиналысы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2022

ата аналар жиналысы

Баланың бас ұстазы – ата-ана.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жиналысымызға қош келдіңіздер,жиналысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінкі жиналыста қаралатын мәселелер:

  1. Баяндама «Отбасы тәрбиенің басты ұясы» Мектеп директоры Розахунов Ришат Лекимжанович  
  2.  Оқу сапасы туралы .Оқу ісі жөніндегі орынбасар Авакриев Раман Аюпович 
  3. Психологиялық  жағдаяттар   Психолог Абдуллаева Адилям Маглановна 
  4. «Заң бұзышылық неге әкеп соғады» Ұйғыр АПБ УПИ полиция капитаны Муптуллаев Юпитер Абдуважитович 
  5. Баяндама «Отбасындағы тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері» Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Музапаров Ерлан Семятович 
  6. Баяндама «Қылмыстың алдын алудағы ата-аналар жауапкершілігі» Құқықтық тәрбие менеджері Дуңгешов Айдос Капасович