1-сынып оқушыларының бейімделуі бойынша ата-аналарға кеңес берілді. » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-сынып оқушыларының бейімделуі бойынша ата-аналарға кеңес берілді.
22
октябрь
2022

1-сынып оқушыларының бейімделуі бойынша ата-аналарға кеңес берілді.

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

1. Ата - анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру
1. Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.
2. Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық, аз сөзді, жылы лебізді, жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпаңыз.
3. Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отырыңыз.
4. Оқуға дайындық: 6 - 7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.
Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.
5. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0, 5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.