Республика күніне орай ұйымдастырылған іс шара » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2022

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс шара

И.Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлкеттік мекемесінде Республика күніне орай атқарылған іс шаралар анықтамасы


Өтілген уақыты 17-22.10.2022

19-қазан күні «Атамекен» тақырыбында республикалық патриоттық диктант конкурсы өткізілді. Диктант жазуға 1-4-сыныптан 83 оқушы,5-7-сыныптан 103 оқушы қатысты. 8-11-сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жалпы республикалық эссе конкурсы өткізілді. 

5-10-сынып оқушылары арасында «Қыран елім Қазақстаным» жалпы республикалық патриоттық акция шеңберінде мәнерлеп оқу сайысы тіл мұғалімдерінің ұйымдастырумен өткізілді. 

8-10-сынып оқушылары арасында «МИКС 3х3» спорттық сайыс ұйымдастырылды. 21 қазан сағат 10-00 «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимнді жаппай орындау іс шарасы мектеп ұжымы мен 1-11-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. 

1-11- сыныптар бойынша Республика күніне орай сынып сағаттар өткізілді. Кітапханашылардың ұйымдастырумен Республика күніне бұрыш жасалды. Стенд дайындалды.