Республика күніне орай диктант жазу » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2022

Республика күніне орай диктант жазу

«Алматы  облысы   Білім  басқармасының  Ұйғыр   ауданы  бойынша  білім   бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің    «И.Искандеров  атындағы  орта   мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі

«Атамекен»

19.10.2022  жыл

Қазақ тілі  мен   әдебиеті   пәні  мұғалімі

Қожабай  Әйгерім    Серікқызы



Атамекен

      Атамекен – туған жер, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі.

      Атамекен - атадан балаға мұра болып қалып отыратын, "кіндік қаны тамған" жер. Әуелде жалпы түркі қауымына ортақ "ата" сөзімен бірігіп "ата қоныс" үғымында түсінілген. Кейін келе мағынасы кеңейіп, "ата-бабалар мекен еткен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған ең асыл мұрасы" деген ұғымды меңзейтін термин түрінде орныққан. "Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі колбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. "Ата" сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты. Атамекен осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Атамекен ежелгі замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.

     Атамекен - Адамның ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, ата бабасының қоныс тепкен , өсіп өніп келе жатқан жері. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең кымбаттты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының , ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер- белгілі бір адам үшін , жанан пида ғып күресіп келе жатқан құт мекені.