8-11-сынып қыздар жиналысы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2023

8-11-сынып қыздар жиналысы

И. Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   жалпы қыздар жиналысы 


Хаттама №5

Сағат 12-00                                                                                     17.03.2023 ж



Қатысқандар: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р Асипова

Психолог А Абдуллаева   8-11-сынып жетекшілері 

8-11- сынып қыздары , тәлімгер мұғалімдер 

Қатыспады

Қаралатын мәселелер:

  1.  «Әдемі қыз –көзіңе жақын,әдепті қыз-көңіліңе жақын » тақырыбында баяндама ТІЖО Р.Асипова 

2.Қыздарға арналға психолог кеңесі   Психолог А.Абдуллаева 

Ағымдағы жұмыстар:

  1. Көктемгі  демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ТІЖО Р.Асипова
  2. Оқушы қыздардың мектеп формасы,тазалық гигиенасы туралы ТІЖО Р.Асипова 

Күн   тәртібінде    қаралатын мәселе:

1 мәселе бойынша Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р.Асипова  «Әдемі қыз –көзіңе жақын,әдепті қыз-көңіліңе жақын» тақырыбында баяндамамен таныстырып өтті. Баяндама негізінде қыздар арасындағы қарыма қатынас,нәзіктік, сыйластық туралы түсінідіріп кеңестер беріп  өтті. Баяндамаға қосымша  А.Қожабай    қыздар арасындағы әдеп туралы өз ой пікірімен бөлісті. ТІЖО Р.Асипова оқушыларды сабаққа кешікпеу,сабаққа талапқа сай формамен келу туралы ескертіп айтты. 

2 мәселе бойынша Психолог А.Абдуллаева қыздарға арналған   кеңестер беріп  өтті. Әдеп ,қыз тәрбиесі туралы бейнематериалмен таныстырып, оқушы қыздардың пікірлері сұралды.

Ағымдағы жұмыстар бойынша:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р.Асипова оқушы қыздардың тазалық гигиенасы ,өзіге өзі күтім жасау керектігі туралы түсінік берді. 

Құқықбұзышылықтың алдын алу мақсатында кешкі уақытта сағат 20-00 дан кейін көшеге қандайда бір сылтауларды тауып шықпау,кафе,отырыстарға бармау керектігі және ертежүктіліктің салдары туралы айтып өтті.Көктем мерекесіне байланысты отырыстарды ұйымдастырмау,мейрамға байланысты басқа ауылдарға қыдырып бармау және рухсат еместігі айтылды. 



Ағымдағы жұмыстар бойынша 

Шешім:

  1. Жиналыс барысында оқылған баяндамалар негізге алынсын.
  2. Жасөсіпірмдер арасында құқықбұзышылықтың алдын алу,әр сыныптағы қыздарды бақылау сынып жетекшілеріне жүктелсін
  3. Жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың,бопсалаудың          алдын -алу  бойынша жұмыстар жүргізі,қадағалау сынып жетекшілеріне,психологқа ,тәрбие  орынбасарларына жүктелсін. 

4. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау, кешікен оқушылармен сұхбат жүргізу сынып жетекшілерге жүктелсін. 

5. көктемгі демалыста өмір қауңпсіздік ережлерін сақтау,құқықбұзышылқытарға жол бермеу туралы айтылған қағидаларды негізге алу 


ТІЖО              Р.Асипова

Хатшы              А Абдуллаева 











Похожие публикации:

10 февраль 2023 Қыздар жиналысы
22 ноябрь 2022 Қыздармен жұмыс