Қыздармен жұмыс » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2022

Қыздармен жұмыс

Хаттама  №2

                                                                                                                11.11.2022 ж

Сағат 12-00

И. Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   жалпы қыздар жиналысы болып өтті.


Қатысқандар: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р Асипова

Психолог А Абдуллаева   

8-11- сынып қыздары , тәлімгер мұғалімдер 

Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы Аубакирова Арай Талгатовна 

Қатыспады


Күн   тәртібінде    қаралатын мәселе:

1.     «Ерте жүктіліктің ертеңі»  ФАБ Медбикесі Ш.Ахтанова 

  1. « Зиянды әдеттерден аулақ бол» ТІЖО Р.Асипова
  2. «Жыныстық тиіспеушілік,зорлық зомбылыққа жол жоқ» кеңес 

Ағымдағы жұмыстар:

  1. Мектеп формасын сақтау туралы
  2. Жасөспірім қыздар арасындағы құқықбұзышылық түрлері туралы 
  3. Қыздардың пікірлерін тыңдау,сұхбаттасу
  4. Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша сауалнама Психолог А.Абдуллаева
  5. Булинг,Кибербулинг туралы Психолог А.Абдуллаева 

1 мәселе бойынша ФАБ медбикесі Ш.Ахтанова «Ерте жүктіліктің ертеңі» тақырыбында таныстырылым слайдтпен таныстырды.Жасөспірімдер арасында болып жатқан ерте жүктіліктің салдары, жас қыздарға өмір бойына қара күй болатыны, сол үшін кешкі уақытта қыдырмау керектігі,ата-анасының рұхсатынсыз  басқа ауылдарға ,қонақтарға бармау,үлкен жігіттермен сөйлеспеу керектігі , қыз бала абыройын жас кезінде  сақтау керек екендігін тағы бір рет түсіндіріп өтті.

2 мәселе бойынша «Зиянды әдеттерден уалақ бол» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р.Асипова оқушылар арасындағы зиянды заттарға әуес болмау керектігі туралы кеңестер беріп өтті.

3 мәселе бойынша психолог А Абдуллаева Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша , зорлық зомбылықтың түрлері және оның алдын алу іс шаралары туралы таныстырылым арқылы таныстырып түсінік берді. Отбасында,оқушылар арасында зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша сауалнама алынды, және оқушылар арасында қандайда зорлық зомбылық бопсалаушылық белгілері байқалса ,кездесе сынып жетекшсіне болмаса ата-анасына, психологқа жүгінуге болатынын ескерті.Отбасында әйел кісілерге байланысты зорлық зомбылық болса кімге және қай жерден көмек сұрауға болатыны туралы, қыздар арасында да зорлық зомбылық болдырмау үшін қыздар кешкі сағат 20-00 дан кейін көшеге шықпау керектігі ,ойын сауық орындарына ,кештерге бармау керектігі туралы, қыздар арасындағы ерте жүктілікте құқықбұзышылыққа алып келетіні түсіндіріліп айтылды.

Ағымдағы жұмыстар бойынша ТІЖО Р.Асипова қыздардың мектеп формасы туралы және қыздар арасында себепсіз көп сабақ тастайтын   оқушылармен жеке жұмыс жүргізілетін айтып өтті.

Психолог А Абдуллаева Булинг,кибербуллинг туралы түсінік берді және оқушылар арасында ұялы телефондарды дұрыс қолдану, тиімсіз қолдану жолдарын пайдаланып ,келеңсіз сайттарға тіркеліп қалмау үшін әлеуметтік желілерде сақ болу керектігі туралы және ватсап,фейзбук,инстраграм парақшыларында әр түрлі пікірлерді жазбау керектігі туралы түсіндірілді. Булингтің соңы келеңсіз жағдайларға алып келетінін айтты. Мектеп ке ұялы телефон алып келмеу керектігі туралы ТІЖо Р.Асипова ескертіп өтті. 


Ағымдағы жұмыстар бойынша 

Шешім:

  1. Жиналыс барысында оқылған баяндамалар негізге алынсын.
  2. Жасөсіпірмдер арасында құқықбұзышылықтың алдын алу,әр сыныптағы қыздарды бақылау сынып жетекшілеріне жүктелсін
  3. ФАБ Медбикесі Ш.Ахтанованың баяндамасы негізге алынсын. 
  4. Булинг бойынша сыныптар бойынша сынып сағаттарда қосымша мәліметтер беру, қадағалау  сынып жетекшілеріне жүктелсін.
  5. Жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың,бопсалаудың          алдын -алу  бойынша жұмыстар жүргізі,қадағалау сынып жетекшілеріне,психологқа ,тәрбие  орынбасарларына жүктелсін. 



ТІЖО              Р.Асипова

Хатшы              А Абдуллаева