"Мұхтар Әуезов әлемі" » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2022

"Мұхтар Әуезов әлемі"

И. Искандеров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

« Мұхтар Әузов   әлемі» атты  тақырыбында М. Әуезовтың

   125-жылдығына орай іс-шара   туралы

Анықтама

Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов – 1897 жылы Семей облысында дүниеге келген. Жас кезінен бастап ізденіп, білімін кеңейтіп, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде, оның алғашқы шығармасы «Дауыл» жарық көрді. Ал, ең алғашқы пьесасы «Еңлік-Кебек» деп аталады. Совет үкіметі билікке келген соң, Семей облысының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге, «Абай» журналын шығара бастады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы болып саналады. Бұл романда – Абайдың өмірі және 19 ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысы сипатталған. Осы шығарма үшін ол сол кездегі ең құрметті марапаттардың бірі – Ленин сыйлығына ие болды. Айта кетейін, Мұхтар Әуезовтің шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, автордың пьесалары әлі күнге дейін театр сахналарында қойылып келеді.
 

 
 

Мақсаты:  Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен  

                   таныстыру,     

                   Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. 

                   Оқушылар өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық  

                   танымдарын толықтыру.

Осы мақсат негізінде 5а, 6әа сынып оқушыларымен   « Мұхтар Әузов әлемі» 

атты тақырыбында М. Әуезовтың    125-жылдығына орай іс-шара 

             ұйымдастырылды.

Қатысқандар: 5а 6әб Сынып оқушылары, пед ұйымдастырушы Р. Салиева,  

           ТІЖО   Асипова Р . Мектеп директоры   Р. Розахунов

   Шешім: М. Әуезовтың  шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген    

   сүйіспеншіліктерін оята отырып, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа,    

   елжандылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.


 
 

                                                Кітапханашылар:                   Т. Кадирова 

                                                                                           А. Мухтарова