Кітапхананың жылдық жоспары » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2022

Кітапхананың жылдық жоспары

И.Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық  мекемесінің мектеп кітапханасында2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар есебі   


«Кітап-білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. 

Кітапханаға мұғалімдер, оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толтырады. Бұл орын оқырмандардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

Кітапхана жұмысының басты міндеті:балаларды кітаппен ұтымды қабылдаумен жұмыс істеуді үйрету,материалдың талдауына,іздеуіне үйрету,оқу қызметінің ақпараттық қамтамасыз ету дағдыларын және білімдерін дарыту.

Өзгерістерге тез шағылысуды үйрену,сыни тұрғыда ойлау,қажетті ақпаратты іздеу

және өндеу.Мемлекеттік бағдарлама бойынша оқушыларды оқыту және тәрбиелеуге көмек көрсетіп,мектеп кітапханасы оқушыларды жүйелі оқуға қатыстыру жұмысын жасады.

Әдебиет насихатқа,адамгершілік,әскери-отаншылдық тәрбиесіне

аударылды.Мектеп кітапханасы оқушыларды тұрақты өзін-өзі білімге

дарытты,жауапкершілікті тәрбиеледі,мектеп бағдарламаларына көмек етіп,әдебиет

насихатқа назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды. 

Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.


 
 

Жобаның міндеттері : Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту; Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру; 

Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; 

Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; 

Интерактивті әдістемелерді қолдану:

Жобадан күтілетін нәтижелер: Мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігі артты. Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жоба жүйесі қалыптасады. Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсінеді. Интерактивті әдістемелерді қолдану арқылы электронды кітаптарды оқуға және аудиокітаптарды қолдана білуді меңгертеді. 


Қыркүйек айында Қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагог Ыбырай Алтынсарынның туғанына 180 жылдығына орай оқуға құштар жобасы аясында «Кел балалар, оқылық!» тақырыбында іс- шара ұйымдастырып, парасаты азамат бұрышы шығарылды. Аудан орталығынан алынған оқулықтарды сыныптар бойынша таратылып берілді. Келген оқулықтарды баспа бойынша реттіліп, және әдеби кітаптарды ББК бойынша реттеу жұмыстары жүргізілді.

22-қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметті» тақырыбында кітап көрмесі және «Тіл болмыс» атты тақырыбында іс- шара ұйымдастырылды.

  Қазан айында  кітапхана қорына қосылған жаңа буындағы оқулықтарды кітапханалық журналдарға түсіріліп,пәндер бойынша келген әдістемеліктер реттеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақтың әйгілі күйші  Дина Нұрпейісованың туғанына 160 -жылдығына орай «Оқуға құштар» жобасы аясында «Күй анасы» атты тақырыбында 8а сынып оқушылармен іс- шара ұйымдастырылып, парасатты азамат бұрышы шығарылды. «30жылдыққа- отыз кітап» мобильді QR-кітапхана бойынша 4а-5а сыныптармен жұмыстар жүргізілді.

Қазан айынның соңында мектеп ұжымын баспасөзге жазылуын ұйымдастырып, газет журналдарға жазылды .

Қараша айында кітапхана қорына келген көркем әдебиет балаларға арналған ертегі кітаптар «Оқуға құштар» жобасы аясында «Ертегелер еліне саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы алынған кітаптар кітапханалық журналдарға түсірілді. 

Желтоқсан айында  «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында 3 сыныптар арасында іс- шара және көрме   ұйымдастырылды.


 
Еліміздің тәуілсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлегін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлегін үлгі етіп, көрсету үшін 9 сыныптар арасында «Біз -Тәуелсіз елміз» тақырыбында  кеш ұйымдастырылды.Қазақ халқының жыршы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр-алыбы Жамбыл » атты тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.               

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаев 91 жылдығына орай.  Ақының өмірі, шығармашылығы, поэзиясын таныту мақсатында оқушыларға ақынның өлеңдері арқылы Отанға, халқына тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында «Хәнтәңірі» атты тақырыбында 7-8 сыныптар арасында әдеби кеш ұйымдастырылды. 



                                                                      

 


Наурыз айында дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні атанған Наурыз мерекесін оқушыларға ұлттық салт дәстүрімізді құрметтеп оларды мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушылармен  – «Кел Наурыз  

Сәуір айында кітап күніне орай 6 сыныптар арасында оқушыларды кітапқа болған қызығушылығын ояту, ой өрісін білімін дамыту мақсатында – «Білім көзі кітапта» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.


 


Мамыр айында «Мениң сүйекті кітабым» атты шығарма жазу 3-4 сыныптар арасында  ұйымдастырылды. Қатысқан оқушыларға мадақтама қағаздары беріліп,құттықтау жұмыстары    жүргізілді.

 Жыл барасында «Оқуға құштар» аясында мектеп кітапханасында ұйымдастырылған іс-шаралар оқырмандардың кітап оқу нәтижесінде сөздік қорын байыта отырып жалпы сауаттылық деңгейін дамытты.

















Мамыр айында ұығыр халқының атақты ақын жазушысы болған И.Искандеровтың 116- жылдығына орай , ақынның өмір жолын поезиясын насихаттау мақсатында    6-7 сыныптар арасында «Мәңгу ятлаймиз» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.