Қыздармен жұмыс
Хаттама №4
31.01.2022 ж
Сағат 12-00
И. Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы қыздар жиналысы болып өтті.
Қатысқандар: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р Асипова
Псхолог Дильраба Айнидинова
8-11- сынып қыздары , тәлімгер мұғалімдер
Қатыспады:
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1. «Қыз баланың ерте жастағы жүктілігінің қауіптары мен салдары» баяндама медбике Х.Шамиева
2. Баяндама таныстырылым «Қыз тәрбиесі қоғам тәрбиесі» ТІЖО Р.Асипова
3. Қыздарға арналған кеңес Психолог Д.Айнидинова
Ағымдағы жұмыстар:
1.Көп сабақ тастайтын,сабаққа кешігіп келетін оқушылар және мектеп формасы,тазалық туралы ТІЖО Р.Асипова
Тыңдалды:
1-мәселе бойынша медбике Х.Шамиева «Қыз балалының ерте жастағы жүктілігінің қауіптары мен салдары » тақырыбында баяндама слайдпен таныстырды. Х.Шамиева қыздардың гигиеналық тазалығы,ерте жүктіліктің ертеңі және қыз бала өміріне кері әсері туралы түсіндіріп өтті. Х.Шамиеваға қосымша ТІЖО Р.Асипова ерте жүктіліктің қауіптары мен салдары туралы бейнеролік көрсетіп,слайдпен таныстырып өтті.
2 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р.Асипова «Қыз тәрбиесі қоғам тәрбиесі» туралы қоғамда қыз тәрбиесіне өте көңіл бөлінетіні туралы өз баяндамасында кең түрде таныстырып өтті. Әрбір баланың өмір жолы,тәрбиесі отбасынан одан соң мектеп қабырғасынан бастау алатыны,қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп,шашын тарап,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүрумен қатар сабағында жақсы оқу керектігін айтты. Оқушы қыз бала мектеп ережелерін сақтап,мектеп формасын,шаштарын дұрыс тарап,өріп бантікпен келу керектігі ескертілді. Қыз тәрбиесі және қыздар арасында кездесін қателіктер туралы бейнематериал көрсетілді.
2 мәселе бойынша Психолог Д.Айнидинова қыздарға арналған кеңестер айтып,сауалнама жүргізді. Оқушы қыздардың пікірлері тыңдалды, атап айтқанда 8 а сынып оқушысы М.Асимова,9ә сынып оқушысы Русланова Руслана,11- а сынып оқушысы Юнусова Назгуль өз ой пікірлерімен бөлісті.
Баяндамаға қосымша 8 а сынып жетекшісі Ш.Қасимова қыздар арасындағы келіспеушіліктерді шешу жолдары туралы және 9 а сынып жетекшісі И.Курбанова қыз тәрбиесі,қыздарға лайықты қылықтар туралы өз ойын айтып бөлісті.
Ағымдағы жұмыстар бойынша
Оқушы қыздардың мектеп формасы,тазалығы,мектепке кешігіп келу туралы ТІЖО Р:Асипова айтып кей бір қыздарға ескерту беріп өтті.
ШЕШІМ.
- Медбике Х.Шамиеваның баяндамасы негізге алынсын.
- ТІЖО Р.Асипованың қыз тәрбиесі қоғам тәрбиесі баяндамасы және көрсетілген бейнебаяны негізге алынсын
- Психолог Д.Айнидинованың кеңестері негізге алынсын, әр кезде қандай жағдай да болсын оқушы қыздар психологпен және тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р.Асипова ,сынып жетекшілерімен байланыста болсын.
- Күнделікте мектеп формасымен келуін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.