Зорлық зомбылықсыз балалық шақ науқаны » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2022

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ науқаны

И.Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14-18-ақпан  2022-жыл   аралығында «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» апталық  ұйымдастырылды.


Мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.

Міндеттері:

Балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ оларды қорғау қажеттілігі туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру;

балалардың заңды мүдделерін қорғауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту.

Апталық барысында жоспар бойынша төменгі жұмыстар атқарылды. 1-4-сыныптар арасында  «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ,5-7-сынып «Зорлық зомбылықсыз өмір»,8-11-сынып   «Зорлық зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады  » тақырыптарында ашық сынып сағаттарды өтті.Психолог Д Айнидинова «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу   »тақырыбында ата-аналар мен оқушылар үшін жадынама, кеңес   берді. ТІЖО Е.Музапаров 8-11-сынып ұлдарымен  кемелет жасқа толмағандар арасында қылмыспен құқықбұзышылықтың алдын алу бойынша жиналыс өткізді. Психолог А.Абдуллаева «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тақырыбында 5-8-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг ұйымдастырды. 2-6 сынып оқушылары арасында «Әр қашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ » тақырыбында стенд жасалды. Апталық барысында кезекшілік кестесіне сай «Жасөспірім» кешкі рейд ұйымдастырылды. Апталық барысында ұйымдастырылған іс шаралар әлеуметтік желіліреге салынды.


ТІЖО Р.Асипова