"Домбыра - дастан" челлендж
Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «И.Искандеров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
«Домбыра - дастан» тақырыбындағы челлендж туралы
Аудандық білім бөлімінің хаты негізінде Наурыз мерекесін атап өту мақсатында жасалған жоспарға сйәкес мектебіміздің оқушылары арасында «Домбыра - дастан» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челленджге мектебіміздің 5 сынып оқушысы Аюпова Аделина, 8 сынып оқушысы Рыскелды Жансая, 9 сынып оқушылары Авелқан Ақбота мен Арманова Динара, 10 сынып оқушысы Семятова Азадам қатысты. Оқушылар қасиетті домбыраның құдіретін айтып өтумен қатар күйлерді орындады. Челлендж барысында Наурыз мейрамы терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әулеті мен тетігі бар маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі болып табылатындығы насихатталды.
Оқушыларымыз домбара тартқан кезде қасиетті домбыраны қаншалықты қудіретті екендігін көрсете білді.
Педагог ұйымдастырушы: Р.Салиева