И Искандеров мушаира ережесі » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2022

И Искандеров мушаира ережесі

Аудандық жалпы білім беретін мектеп  оқушылары арасында өтетін И.Искандеров оқуларының 


ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ережелер

Аудандық жалпы білім беретін мектеп  оқушылары арасында өткізілген И.Искандеров оқуларының міндеттері мен  мақсаттары:


  • Аудандық жалпы білім беретін мектеп  оқушылары арасында И.Искандеровтың шығармаларын насихаттау;
  • Аудандық жалпы білім беретін мектеп  оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындылықтарын анықтау;
  • Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті  мен қуатын жанымен сезініп,жүрегімен түсене білуге үйрету.

Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

-Жас ақындардың шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.


                                         ІІ. Мүшәйраның шарттары 

И.Искандеров оқуларына қатысатын оқушыны жан-жақты дарынды поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар,өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті,әрі ақындық талабы болуы шарт және мектепішілік байқаудың жүлдегері   болуы керек.

И.Искандеров оқуларына қатысушы оқушы И.Искандеровтың шығармашылығын жақсы білу керек.

1-кезең  «Мениң сөйүмлүк шаирим» Бұл кезеңде оқушылар И.Искандеров өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады.  (Өлең  бес шұмақтан кем немесе арттық болмауы керек)  Бағалау  10  ұпай,бағалау критерийлері:

1.Қатысушының өлеңді көркемдеп, дауыс ырғағына  сай   жатқа  оқуы  1 ұпай

2.Жаттаған   өлеңді  қателеспей   айтса   2 ұпай

3. Тіл  тазалығы, сөздерді  дұрыс  айтуы   2 ұпай

4. Жүріс-тұрысы, өзін сахнада ұстау мәдениеті 2 ұпай 

5.Сыртқы  келбетінің  талапқа   сай  болуы  2 ұпай

2-кезең  «Сән үчүн шеирдин тизай гүлдәстә» Байқауға қатысушылар И.Искандеровқа арнап өз шығармашылығынан  жазған өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады. Өлеңнің көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады. Бағалау    10-ұпай,бағалау   критерийлері:

1. Қатысушының   жүріс-тұрысы, өзін сахнада ұстау мәдениеті 10 ұпай

2.Өлеңін   жатқа  мәнерлеп  оқуы  10 ұпай

3. Өлең   жолдары  ұйқасы  талапқа   сай  болса  10 ұпай

4. Өлеңнің    көркемділігі  10  ұпай

5.Өлең   тақырыбының   ашылуы 10 ұпай

3-кезең   «Йәнә талай бу йоллардин өтәрмән» Байқауға қатысушылар «Назугум», «Уйғур қизи» поэмаларын жатқа айтады. Оқушы бір поэмасын толық жатқа білуі керек. Оқушылар поэманы жатқа айту арқылы өз ара сынға түседі. 

4-кезең  «Илһам солмисун» берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шұмақ өлең тұғызу.

Бағалау   10  ұпай,бағалау  критерийі:

  1. Өлең  жолдары  ұйқасы   талапқа  сай  болса   10 ұпай
  2.  Буын, шумақ, тармақтардың   сәйкестігі  талапқа   сай  болса   10 ұпай   
  3. Өлеңнің    көркемділігі талапқа  сай  болса   10  ұпай
  4. Өлең   тақырыбының   ашылуы   талапқа   сай  болса   10 ұпай
  5. Әдебиет   теориясын  қолданылуы  (теңеу, метафора)  талапқа   сай  болса  10 ұпай


5-кезең « И.Искандеров  мирасини ким көп билиду?» 1 минутта берілген  10 тест тапсырмаларын орындайды.Әр  дұрыс  жауап   бір  ұпай.


  И.Искандеров   оқуларына жалпы білім беретін мектептердің                        5-11-сыныптар оқушылары қатыса алады.