"Өзін-өзі басқару" ұйымына Президент сайлау » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2022

"Өзін-өзі басқару" ұйымына Президент сайлау

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «И.Искандеров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президент сайлауы. 
Бүгін 20.09.2022ж И.Искандеров атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі басқару» ұйымына Президент сайлау үшін сайлау өтті.
«Өзін-өзі басқару» ұйымына Президент  болуға өтініш берген оқушыларымыз:
1.    10  ә сынып оқушысы Садырова Румина2.    9 а сынып оқушысы Рыскелды Жансая3.     8 а сынып оқушысы Садирова Ясмина Сайлаудың комиссия құрамы бекітіліп сайлау алды дайындық жұмыстары жүргізілді.
Кандидаттарымыз өздерінің бағдарламаларын жасап келіп, 7-11 сынып оқушыларына кезектен тыс лездеме өтіліп, лездемеде кандидаттарымыз өз бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидаттарға психологиялық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сайлау қорытындысы шыққан кезде жеңіс пен жеңілісті дұрыс қабылдай білу керектігі туралы және Парламен құрамында бірлікте жұмыс жасайтындығы туралы айтылды. 
20.09.2022ж күні сағат 8.30да сайлаудың ашылу салтанаты болып өтті. 
Мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы Р.Салиева оқушыларға Мектеп Парламенті туралы және мақсат, міндеттері туралы ақпарат беріп өтті.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының Президент сайлауына байланысты сөзге мекте директоры Р.Розахунов шығып,  барша кандидаттардың мақсатының бір екендігін айтып өтті. Сайлаудың әділдікпен өтілуі үшін  әр оқушыдан жауапкершілікті талап етті және дұрыс таңдау жасап 2022-2023оқу жылы барысында Мектеп Парламентімен бірлікте оқу жылының сапалы, мағыналы өтетініне сенетіндігі туралы айтты. Мектепте оқу жылының басындағы алғашқы мереке күнімен құттықтап кандидаттарға сәттілік тілеп сайлаудың ашылғандығы туралы жариялады. 
Сайлауға 7-11 сынып оқушылары таныстырылған кесте бойынша қатысып, өз дауыстарын берді. Мектебіміздің ұстаздары да өз дауыстарын берді.
Сайлауға жалпы 7-11 сынып оқушылары болып 177 оқушы, 81 мұғалім қатвсу керек болған(Жалпы дауыс беру керек еді 258). Сайлауға 7-11 оқушылары болып жалпы 159 оқушы қатысты, қатыспаған оқушылар саны 18 барлығы себепті (денсаулығына байланысты келмеген оқушылар), 78 мұғалім қатысты, қатыспай қалған мұғалімдер саны 3 барлығы себепті (2 мұғалім оқуда, 1мұғалім денсаулығына байланысты демалыста). (Жалпы қатысқандар саны 236) 
Сайлау қорытындысын шығару бойынша сайлау жәшігін бекітілген комиссия құрамымен және кандидаттардың сенімді өкілдерінің қатысуымен  мұғалімдер бөлмесіне алып барды.
Сайлау қорытындысы бойынша:
10 ә сынып оқушысы Садырова Румина 97дауыс, 
9 а сынып оқушысы  Рыскелды Жансая 86дауыс,
8 а сынып оқушысы Садирова Ясмина 51дауыспен өз нәтежесін көрсетті. жарамсыз бюлетеньдер саны 3 (үшеу).
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенті  болып 97дауыспен  10 ә сынып оқушысы Садырова Румина сайланды.
Мектеп директоры, комиссия құрамы және сайлауға түскен кандидаттар мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін құттықтап, жұмысына сәттілік тіледітіледі. 
Мектеп Парламентінің құрамы 22.09.2022ж күні мектеп Президентінің ұлықтау күнінде бекітілетін болады.
Сайлау кандидаттардың сенімді өкілдерінің қатысуымен әділ өтті.             
    Алдағы күндері «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президентін ұлықтау күніне дайындық жұмыстары жүргізіледі. 22.09.2022ж күні сағат 11.00 де «Мектеп Президентінің Ұлықтау күні» өтеді.

Похожие публикации:

06 сентябрь 2022 лездеме