арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Бекітемін Мектеп директоры
_______ Р.Л.Розахунов
«____»_______ 2022ж
«Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«И.Искандеров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесің арнайы педагогының
2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Арнайы педагогтың міндеттері:
- Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
- Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
- Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.
Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары:
- Ұйымдастырушылық жұмыс;
- Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
- Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
- Кеңестік-әдістемелік қызмет;
- Өзін-өзі дамыту.
| ||||
1. 1 | Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау
| Тамыз Қыркүйек |
| |
1.2 | Жылдық жұмыс жоспары | Қыркүйек | Жұмыстың жылдық жоспары | |
1.3 | Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтарда құру | Қыркүйек | Оқушылар тобының тізімі | |
1. 4 | Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу:
| Қыркүйек және жыл бойы |
| |
1.5 | Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу | Мамыр | Жылдық рефлексиялық есеп | |
| ||||
2.1 | Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу:
| Қыркүйек |
| |
2.2 | Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау | Қыркүйек | Оқушылардың мінездемесі (форма 4) | |
2.3 | Оқушылармен жұмысты жоспарлау: 1) оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламаларын құру; 2)оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру; 3) оқушылармен жеке және топтық сабақтардың технологиялық карталарын құру; 4)оқушыларға жеке оқу жоспарларын дайындау; сынып жетекшісімен бірлесе отырып бағдарламаларды бейімдеу (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) | Қыркүйек Қазан |
| |
2.4 | Мұғалімдердің сұранысы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін бағалау | Жыл бойы |
| |
2.5 | Мектеп мамандарының сабақтары мен сынып сабақтарына қатысу | Жыл бойы | Хаттама, талдау | |
3.Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау | ||||
3.1 | Жеке және топтық сабақтарды өткізу | Жыл бойы | Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары | |
3.2 | ЕБҚ бар балаларға сабақ барысында көмек көрсету (мұғалімнің келісімімен) | Сабақ барысында көрсетілген көмек пен оның нәтижесін тіркеу хаттамасы | ||
3.3 | Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау | Жыл бойы |
| |
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет | ||||
4.1 | Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қалауы бойынша немесе қажет болған жағдайда) | Кеңесті тіркеу журналы | ||
4.2 | Мұғалімдерге жеке кеңес беру | Кеңесті тіркеу журналы | ||
5.Өзін-өзі дамыту | ||||
5.1 | Тәжірибиелі мұғалімдердің сабағына қатысу. | Жыл бойы | Тәжірибе алмасу | |
5.2 | Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру | Жыл бойы | Сертификат |
Арнайы педагог Н.Турдахунова