Парасатты азамат бұрышы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2022

Парасатты азамат бұрышы

И. Искандеров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекет мекемесі 

                           Парасатты азамат бұрышы туралы 


                                               Анықтама 


Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. | 


қыркүйек айының 1.09—30.09 аралығында «Адал Ұрпақ» клубының жұмыс жоспары бойынша Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 

 «Парасаты азамат» бұрышы және офлайн режимінде мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының мүшелері, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қатарындағы оқушылармен бірлікте «Ахмет Байтұрсынов -қазақ халқының ұлы көсемі» атты тақырыбында іс- шара ұйымдастырылды. 


Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми             

                      еңбектері туралы мағлұмат беру.

                       2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның   

                        көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

                    3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту



Қатысқандар : Т.І.О. Е. Музапаров, Р. Асипова, Пед. ұйымдастырушы Р. Салиева, кітапханашылар Т. Кадирова, А. Мухтарова .


                                    Ұсыныс 

Оқушыларды сөз қорын  дамытуға және өз ойларын ашық айтуға үйретту