мектеп тарихы » "Средняя школа имени Х. Искандерова с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«И. Искандеров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 43-7-06
Есепші бөлімі:
+7(72774) 43-7-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2017

мектеп тарихы

                 Мектеп тарихынан
  •     Қазан көтерілісіне бұрын Ават ауылында бірнеше діни мектептер ашылды,
  • білім негізінен діни жолмен өткен.  Халықтың сауатын ашуға қаратылып, барлық  жерлерден сауатсыздықты жоюға арналған алғашқы мұғалімдерді даярлайтын курстар Үлкен Ақсу, Кетпен, Шарын және Жаркентте ашылды.             1921 жылы Ават ауылында алғашқы екі пәнді мектеп ашылып, біреуін Жаркенттен келген Дамолла Розиев, екіншісін Махмут Мансур деген кісілер басқарған. Бұл екі мектепте жүзден артық балалар оқыған.
  •       1923, 1933-1935 жылдары Дөң мәллә Жаңа ауылдың тауға жүретін жолдағы сай жағалауындағы үйлердің біреуін мектеп деп белгілеп, Масимов Таир балаларды оқытты. 1936-жылдан бастап ауылдың ортасына орналасқан Пәхирдин қазының үйін мектеп орнында пайдаланды. Ол кездерде 7-жылдық мектеп 8,9,10-шы сыныптарды Үлкен Ақсу ауылында оқыйтты.                               1932-1939 жылдарда бұл мектеп бастауыш мектеп болған. Елде сауатсыздықты жоюға қаратылған көп  іс-шаралар жүргізілген.
  •     Сол жылдары мектептетің  қабілетті түлектері  1935-жылы білім алуға Ташкентке, Жаркент, Алматы қалаларына аттанды. Мектепті бітірген түлектер орта білім кәсіптік білім алып, туған жерінде мұғалім болып жұмыс істейді. Олар: Ш.Акбаров, С.Батталов, Һ.Балинов, Қ.Молотов, А.Батталов, Р.Акбаров, Т.Балинов, С.Даутовутовтар  болды. Толық емес мектепті Қәмирдинов Нәвирдин 1937 жылға дейін басқарып келді.                                                                               1941-жылы оқушылар саны азайып, қайтадан бастауыш мектепке айландырылды.                                                                                                            1943-жылы жеті жылдық мектеп ашылды. Соғыс жылдары А.Акбарова, А.Мағаева, Һ.Ибрагимова, Р.Амарова, Ә.Хапизова және басқа да қыздар мұғалім болып істейді. Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін Ғ.Розахун, А.Батталов, М.Мәхсәтов, О.Сексенбаев, Өйтегеновтер мұғалім болып жұмыс істеуге бастады.

  • 1945-1952 жылдары С.Абитов директор болып, мектептің материалдық базасын толықтырды. Ә.Һасанов шебердің басшылығымен жаңа мектебіміз салынды. Әйелдер таудан өгіздермен ағаш тасиды, кесек құяды. Олар Х.Сабирова, Т.Тохтибакиева, Х.Низамова, Ж.Аширова және басқалар. Ағашты арамен Әмәт, Амисали аталар аралап, пән шығарады. Бұл мектебіміз толығымен бітіп,        1955-1956 жылдары 10 жылдық мектепті пайдалануға берді. Сол жылдары мектепте Р. Ғәниев,  Н.Мәнсуров, И.Васильевич, С.Жаппаров және басқалар еңбек еткен.  Мұғалімдер саны 1961-жылға дейін 31-ге жетті, мектепке жоғары білімді мұғалімдер келуге бастайды.                                                                          1959-1960 жылдары мектеп және жеті жылдық,  1960-1961 оқу жылдарында болса қайтадан он жылдың білім беру саласына айналады. 1965-1966 жылдарында мектеп он бір жылдық болды. 1983 жылы жаңа 3 қабатты мектеп салынып, жас ұрпақтар заман талабына сай білім алып келеді.                               1937-1943 жылдары директор О.Сексенбаев болды, 1945-1952 жылдары С.Абитов, 1952-1956 жылдары  С.Жаппаров, 1956-1963 жылдары И.Сайдуллаев, 1963-1965  жылдары Һ.Тохтасунов, 1965-1969 жылдары                Р. Ғәниев,  1969-1982 жылдары М. Баталлов, 1982-1993 жылдар  Р. Шахамова, 1993-1994 жылдары  Л. Розахунов, 1995-2004 жылдары     И. Ахмуллаев,  2004-2007  жылға дейін  А.Дараев мектеп  директор қызметінде болған болса, 2007-жылдан бастап  М.Айсарова мектеп директоры қызметін атқарып келмекте.   1987 жылы алғаш қазақ сынып 11 баламен ашылды.